Флуцинар в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению флуцинара в мази, описание действия препарата, показания к применению мази флуцинара, взаимодействие с другими лекарствами, применение флуцинара (мазь) при беременности. Инструкции: Флуцинар в геле;
Торговое название: Флуцинар®
Международное название: Флуоцинолона ацетонид
Лекарственная форма: Мазь для наружного применения 0,025% 15г
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D07 Кортикостероиды для применения в дерматологии
D07A Простые препараты кортикостероидов
D07A C Активные кортикостероиды (группа iii)
Фарм. группа:
Глюкокортикостероиды для местного лечения заболеваний кожи. Глюкокортикостероиды активные (группа III). Флуоцинолона ацетонид. Код ATХ D07AC04
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25oC. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту.
Описание: Белая или почти белая, просвечивающая жирная масса.

Состав флуцинара в мази

1 г мази содержит
1 г жақпамайдың құрамында

Активное вещество флуцинара

флуоцинолона ацетонид 0,25 мг
0.25 мг флуоцинолон ацетониді

Вспомогательные вещества во флуцинаре

пропиленгликоль, кислота лимонная, ланолин безводный, вазелин белый
пропиленгликоль, лимон қышқылы, сусыз ланолин, ақ вазелин.

Показания к применению мази флуцинара

  • себорейный дерматит
  • атопический дерматит
  • уртикарный лишай
  • контактная аллергическая экзема
  • полиморфная эритема
  • красная волчанка
  • псориаз
  • плоский лишай
Флуцинар® в форме мази применяется для непродолжительного лечения острых и тяжелых, неинфицированных, сухих воспалительных заболеваний кожи, которые чувствительны к лечению глюкокортикостероидами и протекают с упорным зудом или с гиперкератозом.
  • себореялық дерматитте
  • атопиялық дерматитте
  • уртикарлық теміреткіде
  • жанаспалы аллергиялық экземада
  • полиморфты эритемада
  • қызыл жегіде
  • псориазда
  • жалпақ теміреткіде
Флуцинар® жақпамай түрінде глюкокортикостероидтармен емдеуге сезімтал және қарқынды қышынумен немесе гиперкератозбен өтетін терінің жедел және ауыр, жұқпаланбаған, құрғақ қабыну ауруларын қысқа мерзімде емдеуге арналған.

Противопоказания флуцинара в мази

  • повышенная чувствительность к флуоцинолона ацетониду или другим глюкокортикостероидам и компонентам основы
  • бактериальные, вирусные и грибковые инфекции кожи
  • обычные и розовые угри
  • периоральный дерматит
  • состояния после вакцинации
  • I триместр беременности и период лактации
  • детский возраст до 2 лет
  • флуоцинолон ацетонидіне немесе басқа глюкокортикостероидтарға және негіз компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • терінің бактериялық, вирустық және зеңді жұқпалары
  • әдеттегі және қызғылт безеулер
  • периоральді дерматит
  • вакцинациядан кейінгі жай-күй
  • жүктіліктің І триместрі және лактация кезеңі
  • 2 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия мази флуцинара

  • угри, постстероидная пурпура, угнетение роста эпидермиса, атрофия подкожной клетчатки, атрофия кожи и стрии
  • сухость кожи, гипертрихоз или облысение, депигментация или пигментация кожи
  • телеангиэктазии
  • периоральный дерматит
  • фурункулез, вторичная инфекция
Редко
  • крапивница или макуло-папулезная сыпь либо обострение существующих изменений
  • под окклюзионной повязкой может вызвать резорбтивное действие в виде отеков, артериальной гипертензии, снижения сопротивляемости организма к инфекциям
  • при применении на коже век может развиться глаукома или катаракта
  • безеулер, постстероидты пурпура, эпидермис өсуінің бәсеңдеуі, теріасты шелмайының атрофиясы, тері атрофиясы және стриялар
  • терінің құрғауы, гипертрихоз немесе шаштың түсуі, тері депигментациясы немесе пигментациясы
  • телеангиэктазиялар
  • периоральді дерматит
  • фурункулез, салдарлы жұқпа
Сирек
  • есекжем немесе макула-папулезді бөртпе немесе бұрыннан бар өзгерістердің өршуі
  • окклюзиялық таңғыш астында ісінулер, артериялық гипертензия түріндегі резорбтивтік әсер, организмнің жұқпаларға қарсы тұруының төмендеуін туғызуы мүмкін
  • қабақ терісіне қолданғанда глаукома немесе катаракта дамуы мүмкін

Особые указания к применению

Не применять без перерыва более 2 недель. При продолжительном применении на обширной поверхности тела увеличивается частота проявления побочных действий и возможность развития отеков, артериальной гипертензии, гипергликемии, снижения сопротивляемости к инфекциям. При местном применении флуоцинолона ацетонида может наступить уменьшение продукции АКТГ вследствие угнетения системы гипофиз-надпочечники, уменьшение уровня кортизола в крови и развитие ятрогенного синдрома Кушинга, который проходит после прекращения лечения. Показан периодический контроль функции коры надпочечников путем определения кортизола в крови и в моче после стимуляции надпочечников АКТГ.

В случае развития инфекции в месте применения мази, следует провести соответствующее антибактериальное или противогрибковое лечение. Если симптомы инфекции не проходят, следует прекратить применение мази на период лечения инфекции. Следует избегать применения препарата на кожу в области век у лиц с закрытоугольной и открытоугольной глаукомой, а также у лиц с катарактой, учитывая возможность усиления симптомов заболевания.

На коже лица, а также на коже паховой и подмышечной области применять только в случаях особой необходимости, беря во внимание повышенное всасывание и высокий риск развития побочных действий (телеангиэктазии, dermatitis perioralis), даже после непродолжительного применения. Осторожно применять при уже имеющихся состояниях атрофии подкожной клетчатки, особенно у лиц преклонного возраста.

Беременность
Флуцинар® может применяться у женщин во II и III триместрах беременности только тогда, когда польза применения у матери превышает потенциальный риск для плода.

Особенности влияния на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами
Лекарственный препарат не ограничивает психомоторную активность, способность к управлению транспортными средствами и обслуживанию движущихся механизмов.
2 аптадан артық үздіксіз қолдануға болмайды. Дененің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғанда жағымсыз әсерлері көрінісінің және ісінулер даму мүмкіндігінің жиілігі, артериялық гипертензия, гипергликемия, жұқпаларға қарсы тұруының төмендеуі артады. Флуоцинолон ацетонидін жергілікті қолданғанда гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі салдарынан АКТГ өнімінің төмендеуі, қандағы кортизол деңгейінің төмендеуі және емді тоқтатқаннан кейін басылатын ятрогендік Кушинг синдромының дамуы болуы мүмкін. АКТГ бүйрекүсті безін көтермелегеннен кейін қанда және несепте кортизолды анықтау арқылы бүйрекүсті бездері қыртысының функциясын ауық-ауық бақылау көрсетілген.

Жақпамайды қолданған жерде жұқпа дамыған жағдайда тиісті бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем қолдану керек. Егер жұқпа симптомдары басылмаса, жақпамайды қолдануды жұқпаны емдеу кезеңінде тоқтату керек. Ауру симптомдары күшеюі мүмкіндігін есепке ала отырып, жабық бұрышты және ашық бұрышты глаукомасы бар, сондай-ақ, катарактасы бар тұлғаларда препаратты қабақ терісіне жағуды болдырмау керек. Тіпті, аз уақыт қолданғаннан кейін де бет терісіне, сондай-ақ, шап және қолтық аумағына жоғары сіңімділігін және жағымсыз әсерлері (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) дамуы қаупінің жоғарылығын ескере отырып тек ерекше қажет жағдайларда ғана қолдану керек. Әсіресе егде жастағы адамдарда бұрыннан бар теріасты шелмайының атрофиясы жағдайында сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік
Флуцинар® анасына қолданудың пайдасы ұрық үшін ықтималды қауіптен артатын жағдайда ғана жүктіліктің ІІ және ІІІ триместріндегі әйелдерде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат психомоторлық белсенділікті шектемейді, көлік құралдарын басқару және қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді

Дозировка и способ применения

Небольшое количество мази тонким слоем наносят на пораженные участки кожи, не чаще чем 1-2 раза в течение суток. Не следует применять мазь под окклюзионной повязкой, за исключением псориаза, где допускается применение закрытой повязки, которую следует менять каждый день. Не следует проводить лечение без перерыва более 2 недель. Не наносить на кожу лица больше 1 недели. В течение одной недели можно использовать не более чем 15 г мази (1 тубу). У детей с 2-х лет применять с особой осторожностью только в случае необходимости, 1 раз в день, на небольшой поверхности кожи. Не применять на коже лица.
Жақпамайды тәулік бойына 1-2 реттен жиі емес зақымданған тері бөлігіне жұқа қабатпен жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды, псориазда ғана жабық таңғыш қолдануға болады, оны күн сайын ауыстырып отыру қажет. Емді үздіксіз 2 аптадан артық жүргізуге болмайды. Бет терісіне 1 аптадан артық қолдануға болмайды. Бір апта бойы ең көбі 15 г (1 сықпа) жақпамай пайдалануға болады. 2 жастан асқан балаларға қажет болған жағдайда терінің азғантай беткейіне ерекше сақтықпен күніне 1 рет қолдану керек. Бет терісіне қолдануға болмайды.

Взаимодействие с лекарствами

Не известны случаи лекарственного взаимодействия при местном применении глюкокортикостероидов. Однако следует помнить, что нельзя проводить вакцинацию пациентов от оспы и другого рода иммунизацию, особенно при хроническом применении на обширной поверхности кожи, учитывая возможность отсутствия адекватного иммунологического ответа в виде появления соответствующих антител. Флуцинар® может усиливать действие иммуносупрессивных лекарственных средств и ослаблять действие иммуностимулирующих средств.
Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз. Алайда тиісті антиденелер пайда болу түріндегі талапқа сай иммунологиялық жауаптың болмауы мүмкіндігін есепке ала отырып, әсіресе терінің ауқымды беткейіне созылмалы түрде қолданғанда емделушілерге шешекке қарсы және иммунизацияның басқа түріне қарсы вакцинация жүргізуге болмайтынын есте ұстау керек. Флуцинар® иммуносупрессиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтуі және иммуностимуляциялайтын дәрілердің әсерін әлсіретуі мүмкін.

Передозировка флуцинаром в мази

Симптомы: после продолжительного применения на обширной поверхности кожи могут иметь место следующие симптомы: отеки, артериальная гипертензия, гипергликемия, снижение сопротивляемости к инфекциям, а в тяжелых случаях, развитие синдрома Кушинга.

Лечение
: следует постепенно отменить лекарственное средство и использовать терапию с меньшим содержанием глюкокортикостероидов.
Симптомдары: терінің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғаннан кейін келесі симптомдар орын алуы мүмкін: ісінулер, артериялық гипертензия, гипергликемия, жұқпаларға қарсы тұрудың төмендеуі, ал ауыр жағдайларда Кушинг синдромының дамуы.

Емі: дәрілік затты біртіндеп тоқтату керек және глюкокортикостероидтардың мөлшері төмен болатын ем пайдалану қажет.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Флуоцинолона ацетонид проникает в роговой слой кожи, где кумулирует; его присутствие можно подтвердить даже через 15 дней после местного применения. Не метаболизируется в коже. После всасывания в организм в основном биотрансформируется в печени. Выводится с мочой и, в меньших количествах, с желчью, в основном в виде соединений с глюкуроновой кислотой и в небольшом количестве в неизмененном виде.

Всасывание флуоцинолона ацетонида через кожу увеличивается после применения на нежную кожу в области складок либо на кожу лица, на кожу с поврежденным эпидермисом или поврежденную воспалительным процессом. Применение окклюзионной повязки, вызывающей повышение температуры и влажности кожи, также увеличивает всасывание флуоцинолона ацетонида. Кроме того, всасывание увеличивается при частом использовании лекарственного препарата или после нанесения на обширную поверхность кожи. Всасывание через кожу у молодых лиц выражено больше, чем у взрослых.
Флуоцинолон ацетониді терінің мүйізгекті қабатына өтеді, ол жерде жинақталады; оның барын жергілікті қолданғаннан кейін тіпті 15 күннен кейін нақтылауға болады. Теріде метаболизденбейді. Организмге сіңірілгеннен кейін негізінен бауырда биотрансформацияланады. Несеппен және аз мөлшерде өтпен, негізінен, глюкурон қышқылымен қосылыстар түрінде және аз мөлшерде өзгермеген түрде шығарылады. Флуоцинолон ацетонидтің қатпарлар аумағындағы нәзік теріге немесе эпидермисі зақымданған немесе қабыну үдерісінен зақымданған бет терісіне қолданғаннан кейін тері арқылы сіңуі ұлғаяды. Температура жоғарылауын және тері ылғалдылығын туындататын окклюзиялық таңғышты қолдану да флуоцинолон ацетонидінің сіңірілуін арттырады. Бұдан бөлек, дәрілік препаратты жиі қолданғанда немесе терінің ауқымды беткейіне жаққанда сіңірілуі артады. Тері арқылы сіңірілуі егде жастағыларға қарағанда жастарда айқынырақ білінеді.

Фармакодинамика

Флуцинар® является высокоактивным синтетическим глюкокортикостероидом для наружного применения. Препарат проявляет противовоспалительное, противозудное, противоаллергическое и сосудосуживающее действие. Обладает липофильными свойствами и проникает через кожу в организм. Уже после применения 2 г мази может снизиться продукция гипофизом адренокортикотропного гормона (АКТГ) в результате угнетения системы гипофиз-надпочечники.

Механизм противовоспалительного действия флуоцинолона ацетонида заключается в угнетении продукции простагландинов и лейкотриенов в результате подавления активности фосфолипазы A¬2 и уменьшения высвобождения арахидоновой кислоты из фосфолипидов клеточных оболочек. Угнетает развитие местных аллергических реакций. В результате местного сосудосуживающего действия уменьшает экссудативные реакции. Снижает синтез белков, формирование коллагена. Ускоряет распад белков в коже и ослабляет пролиферативные процессы.
Флуцинар® сыртқа қолдануға арналған белсенділігі жоғары синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады. Препарат қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы және тамыр тарылтатын әсер көрсетеді. Липофильді қасиеттерге ие және организмге тері арқылы өтеді. 2 г жақпамай қолданғаннан кейін-ақ гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі бәсеңдетілуі нәтижесінде гипофизбен адренокортикотроптық гормон (АКТГ) өндірілуі төмендеуі мүмкін. Флуоцинолон ацетонидінің қабынуға қарсы әсерінің механизмі фосфолипаза A2 белсенділігін бәсеңсіту және жасуша қабықшасы фосфолипидтерінен арахидон қышқылы босап шығуының азаюы нәтижесінде простагландиндер және лейкотриендер өнімін бәсеңдетумен жүзеге асырылады. Жергілікті аллергиялық реакциялар дамуын бәсеңдетеді. Жергілікті тамыр тарылтатын әсері нәтижесінде экссудативті реакцияларды азайтады. Ақуыздар синтезін, коллаген түзілуін төмендетеді. Терідегі ақуыз ыдырауын жылдамдатады және пролиферативті үдерістерді тежейді.

Упаковка и форма выпуска

По 15 г в алюминиевые тубы с лакированной внутренней поверхностью. Тубу помещают в литографированную картонную пачку с инструкцией по медицинскому применению.
15 г ішкі беткейі лакталған алюминий сықпаларда.Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге литографияланған картон қорапшаға салынған.